astana-view

ҰКП тарапы өз қызметкерлерінің жалақысы қандай қаражат көздерінен құралатынын түсіндірді

2015 жылғы 16 Қаңтар
2136 просмотров

ҰКП қызметкерлерінің жалақысы мүшелік жарна және демеушілік көмек есебінен төленеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева мәлім етті.

«Біздің қызмет ашық жүргізіледі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы коммерциялық емес ұйым ретінде тек мүшелік жарна есебінен жүзеге асырылады. Бізде коммерциялық қызметтер жоқ, сонымен қатар қосымша гранттар, демеушілік көмек алу мүмкіндігіне ие емеспіз. Ұлттық палатаның барша құрамының жалақысы мен оның ағымдағы қызметі мүшелік жарна есебінен ғана жүзеге асырылады»,- деді Г.Құрбанбаева.

Естеріңізге сала кетейік, жақында палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық кәсiпкерлер палатасының мүшелiк жарнасын кәсiпкерлердiң өздерi анықтайтын болатындығын айтқан болатын. Палатаның мүшелерiне салынатын жарнаның көлемi туралы сауал 27 қаңтарда өткелi отырған ұйымның кезектен тыс құрылтайы барысында талқыланбақ.

Оның сөзіне қарағанда, ҰКП топ-менеджерлерiн жоғары жалақымен таңқалдыру қиын.

«Бәрiнен көп алатындар басқарма мүшелерi - 750 мың теңге. Бұл ең жоғары жалақы, салығы бар, өзгесi бар шамамен қолдарына 600 мың алады. Олар негiзiнен iрi бизнесi бар адамдар, сондықтан 600 мың теңге жалақымен оларды еш таңқалдыра алмайсың», - дейдi ол.

Департамент директорлары шамамен 500 мың теңге жалақы алады екен.

«Үш санатты сарапшыларда 200-300 мың теңге шамасында жалақысы бар. Аймақтардағы сарапшылар сәл аздау - 150-200 теңге алады. Палата директорлары департамент басшыларымен бiрдей, шамамен 500 мың теңге қолдарына тиедi», - деп атап өттi А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, соған қарамастан, қызметкерлердiң палатада жұмыс жасаудан бас тартуы өте жиi болып тұрады.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер