astana-view

Кәсіпкерлерге көбірек сенім арту керек - ҰКП

2015 жылғы 16 Қаңтар
2192 просмотров

Мораторий қорытындысы бойынша жаппай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті.

«2014 жылы мораторий жарияланғанда мүлдем тексеріс болмады. Атап айтқанда, бастапқыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай мораторийді ұсынған кезде көбі сенімсіздік білдірген еді, яғни, кәсіпкерлер осыны пайдаланып, көптеген бұзушылықтар орын алады деген болжамдар айтылған. Мораторий болды және өткен жылдың қорытындысы бойынша біз жаппай заң бұзушылықтарды немесе адамдардың жаппай улануын, төтенше жағдаларды байқаған жоқпыз»,- деп тоқталды ол.

Осы орайда Н.Әлтаев бұл тәжірибеге сүйене отырып, кәсіпкерлерге көбірек сенім арту керектігін атап өтті.

Еске салсақ, былтырғы жылдың басында кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторий биылғы жылдан бастап күшін жойды.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер