astana-view

Бизнес қызметін мемлекеттік бақылау жылдың екінші жартысында басталады - ҚР ҰКП

2015 жылғы 16 Қаңтар
2283 просмотров

Кәсіпкерлерді мемлекеттік тексеру жылдың екінші жартысында басталады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

«Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау жұмыстары 2015 жылдың шілдесінен кейін ғана басталады деген ойдамыз», - деді Г.Құрбанбаева. 

Басқарма төрағасының орынбасары түсіндіргендей, мемлекеттік органдарда бақылаудың ерекше тәртібі енгізіліп, тәуекелдерді бағалау жүйесі әзірленуде. 

«Осылайша, бүгінгі таңда бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыру үшін әр ведомство сәйкес бұйрықтарды қабылдауы тиіс. Ал, бұйрықтарды қабылдау үшін тәуекелдерді бағалау жүйесін жасау қажет», - деп баса айтты ол.

Оның мәліметінше, мораторий әрекет еткен кезде еңбек өнімділігі мен өнім өндіру көлемі артып, бизнестің белсенділігі 6%-ға дейін өскен. 

«Тексерілген кәсіпорындар 2012-2013 жылы болған осы көрсеткішке енді, онда әр екінші тексеруде қандай да бір бұзушылық түрі анықталды», - деп басып айтты ол.

Дерекнамасы: primeminister.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер