astana-view

Кәсіпкерлердің мәселелері электрондық нұсқада жарияланбақ

2014 жылғы 15 Ақпан
2765 просмотров

Бұл туралы Қарағанды кәсіпкерлерінің облыс әкімімен кездесуінде айтылды.

Жаңа жүйе туындаған мәселелерді тіркеп, оларды шешу механизмін өңдеп отырмақ. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде кәсіпкерлердің нормативтік актілерді талқылауына мүмкіндік беретін форум құрылады. Аймақта шағын және орта кәсіпкерліктің 60 мыңға жуық нысаны тіркелген. Тұрғындардың 1\3 бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Былтыр осы саладаға салық түсімі 70 млрд. теңгені құраған.

Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:

- Кәсібін жаңа бастаған азаматтарға кәсіпкерлер палатасының тиімді механизмімен жасалған әдістемелік көмек қажет. Ірі кәсіп иелері шағын және орта кәсіпкерлік еліміздің нарығында тұрақсыздық пайда болған жағдайда қосымша қолдау бола алатындығын түсінуі қажет.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:

- Бірінші мәселе – рұқсаттама алу жүйесі. Бұл жер қатынастары әсіресе, құрылыс саласына рұқсат алу мерзімі айтарлықтай қиындық туғызып отыр. Мұның ішінде жүйелерге қосылу мәселесінің аяқ алысы да қиындап кетті.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер