astana-view

«Нұр Отан» партиясы мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

2014 жылғы 19 Ақпан
3179 просмотров

«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы мен облыстық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл – Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау, халық игілігі үшін қоғамдық келісімнің және саяси тұрақтылық пен экономикалық дамудың негізгі конституциялық принциптерін ұстану мақсатындағы маңызды қадам. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына жол бермеу үшін мониторинг жүрзілмек. Қазір облыста 62 мыңнан астам мүгедек жан болса, оның 13 мыңы жұмыс істеуге қабілетті. Оларды жұмысқа орналастыру жайы да басты назарда болады. Екіжақты меморандум кәсіпкерлікті кедергісіз дамытуға, ал халыққа олардың қызметін оңтайлы етіп ұсынуға жол ашпақ.

Ләззат Шыңғысбаева, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Шағын және орта бизнес өркендесе, ел экономикасы дамиды. Сондықтан біз кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын зерделеп, қолдан келгенше көмектесіп отырамыз. Олардың қызметі таза, өнімдерінің бағасы көпшілікке қолжетімді болу үшін «Нұр Отан» партиясымен меморандумға қол қойдық. Бірлесіп атқаратын істеріміздің берекелі боларына сенемін.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер