astana-view

ҚР-да кәсіпкерлерді қолдау бойынша онлайн-жоба таныстырылды

2014 жылғы 20 Ақпан
2598 просмотров

Тұсаукесерде  «Мәселелер тізілімі» жобасы іске қосылатын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңартылған www.palata.kz  сайты таныстырылды.

 «Мәселелер тізілімі» елімізде кәсіпкерлер құқығын қорғау және қолдау көрсету мақсатында әзірленіп,  өз алдына әр бизнесмен кәсіпкерлік қызметі барысында туындаған қиындықтар жайында хабарлама орналастыра алатын онлайн платформа болып табылатындығын атап өткен жөн. Ұлттық палата «Мәселелер тізілімі» жобасы арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп,  кәсіпкерлерге қажетті көмек ұсынбақ. 

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева «Мәселелер тізілімі» жобасының презентациясында атап өткендей,  бұл жоба кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге жағдай жасайды.

«Ең бастысы, «Мәселелер тізілімі мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттестікті орнатуға жағдай жасап, кәсіпкерлер қызметінде туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

«Мәселелер тізілімі» және оларды шешу жолдарының картасы кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, Төралқа комитеттері және Ұлттық палатаның басқа да мамандандырылған құрылымдарынан келген ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.  Жобаның ең басты бөлімі мәселені шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу, саралау әрі топтастыру және тәжірибеде осындай ұсыныстардың жүзеге асырылуы барысының мониторингін жасау болып табылады. 

Дерекнамасы: Strategy-2050

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер