astana-view

Кәсіпкерлер ұсынысы ескерусіз қалмайды

2014 жылғы 20 Ақпан
2472 просмотров

Бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметов Ұлттық кәсіпкерлер Палатасымен кездесті. Жиынға Ұлттық компаниялар мен орталық атқарушы орган басшылары қатысты. Кездесуде теңге бағамының өзгеруіне байланысты кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Салалық қауымдастық басшылары экономиканың негізгі бағыттарындағы макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу жайын пысықтады. Кездесуді қорытындылай келе, Премьер-Министр жиында көтерілген мәселелердің өзектілігіне тоқталып, бұл ретте Үкіметтің барлық тиімді ұсыныстарды ескерусіз қалдырмайтынын атап өтті.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер