astana-view

Тимур Құлыбаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

2015 жылғы 20 Наурыз
2335 просмотров

Біздегі кәсіпкерліктің дамуына коммуналдық төлемдер құнының қымбат болуы да бірден-бір кедергі.

Бүгін өңірімізге келген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаевпен болған кездесу кезінде жергілікті кәсіп иелері осыны айтты.

Екшеп өтейік, облысымызға Тимур Құлыбаевпен қоса, басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов те келді. Олар облыс кәсіпкерлерімен кездесіп, келелі кеңес өткізді. Басқосуда саланың дамуына кедергісін тигізер факторлар назарға алынды.

Айтып өту керек, соңғы бес жылда кәсіпкерлік саласының желкенін жел кере бастаған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында біршама жобалар жүзеге асып, бір ғана біздің өңірде он мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Бұл жұмыс мұнымен шектелмейді. Биылдан бастап, елімізде аталмыш бағдарламаның тағы бес жылдық жоспарлары жүзеге аса бастайды. Ол бойынша 990 млрд теңгенінің 74 жобасы жүзеге асып, 29 мыңға тарта жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Абылай Мырзахметов,  ҰКП-ның басқарма төрағасы:

Біз оңтүстікте 6 аумақтық кластерді дамытуды көздеп отырмыз. Бұл жұмыс өткен жылдың қараша айында басталған. Қазір қалай жұмыс атқару бойынша өз ұсыныстарын айтып отыр. Бұл жағынан келгенде бұл өңір өте белсенділік танытуда. Енді біз осы бойынша жергілікті әкімшілікпен бірлесе жұмыс жасамақпыз.

Ал, енді басқарма төрағасы айтқан алты бірдей аумақтық кластер жөнінде сөз етсек. Тамақ, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп кластері, құрылыс материалдары  мен машина кластері және туристік сала.

Биылдан бастап облыста осыларға басымдық беріледі. Астанадан келген палата басшылары осыны айтты алдымен. Ал, жергілікті кәсіпкерлер жиында өздері килігетін біршама қиындықтың барын сөз етті.

Біріншіден, бізде теміржол тасымалы қымбат. Екіншіден, шеттен келетін импорт тауарлары сапасыз бола тұра, өзіміздің өнімдерді нарықтан ысырып барады. Ол аздай, су мен жарықтың да бағасы шарықтап тұр. Ең қымбат тариф - бізде.

Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихаттың депутаты:

Ең негізгі мәселе мынау монополистердің тарифі мәселесіне қатысты болып тұр. Өйткені, монополистерді облыс көлемінде реттеу мүмкін емес. Облыс әкімшілігіне ешқандай қатысы жоқ. Соңғы бес жылдан, 14-жылдың арасында су беру мәселесі бойынша 469 процентке тариф өсіп кетті. 86 процентке канализация мәселесі қымбаттады. Электр энергиясы бойынша 89,4 процентке өсіп кетті. Бұл соңғы бес жылдың ішінде өскені. 

Абылай Мырзахметов, ҰКП-ның басқарма төрағасы:

Біз тарифті қарау мәселесіне ашық қарауымыз керек. Біз сондықтан қазір Үкіметке айттық, өзіндік құнымен қарап шығайық, әр саланың судың, электр энергиясының, канализацияның проценті қанша? Бәрін санап, есептеп статистиканы беру керек. Палатаның сондай мүмкіндігі бар билікке түсетін. 

Бұйыртса, бұл қиындықтар да шешілетін сыңайлы. Енді тек етек жеңді жиып, іске кірісу қажет. Ал, кәсіпкерлердің басында қандай да бір қиындық болса, ұлттық палата оған көмектесуге әзір.

Тимур Құлыбаев, ҰКП-ның президиум төрағасы:

Біз үнемі кәсіпкерлермен кері байланыс жасап отырамыз.Нәтижесі жаман емес. Бүгінде кәсіпкерлердің палатаға деген сенімі артқан. Қазіргі таңда азаматтар өз өтініштерімен және ұсыныстарымен палатаға көптеп келуде. Біз кәсіпкерлік саланы әлі де дамыта түсуіміз керек.   

Бұл басқосуда бұдан бөлек кәсіпкерлер тарапынан көптеген сауал қойылып, жауап алынды. Көтерілген барлық мәселенің назарда болатыны айтылды.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер