astana-view

Көкпектіде болған қайғылы оқиға бойынша айыпталып отырған кәсіпкер 7 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2015 жылғы 18 Тамыз
5295 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Сантехпром» ЖШС басшысы Владимир Крючковтың ісі бойынша баспасөз маслихаты өтті. Естеріңізге салсақ, кәсіпкер Владимир Крючковқа 2014 жылғы көктемде Қарағанды облысы Көкпекті ауылының су бөгетінде болған оқиғаның орын алуына себепкер ретінде айып тағылуда.

Баспасөз маслихатында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко, «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры Серік Санаубаев, кеңесші заңгер Олег Калугин, сондай-ақ «Қазгипросушаруашылығы» ӨК жобаларының бас инженері Валерий Дебелый журналисттер сұрақтарына  жауап берді.

Сотқа дейінгі тергеу органдары Владимир Крючковты «Табиғат- ХХІ» ЖШС басқару қызметін атқаруда құрылыс жұмыстарын жүргізуде уәкілетті органдардан алынуы тиіс қорытындысын алмаған, су бөгетінің қызметіне әсер ететін өзгертулерді өз ерігімен жасай отырып, су бөгетінің шлюзының өткізу мүмкіндіктерін өзгерте отырып, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған деген айып тағылуда.

Тергеу органдарымен Владимир Крючковтың мүлігі мен есеп шотына, оның ішінде «Сантехпром» ЖШС шотына тыйым салынған. Осылайша кәсіпорын қызметі тығырыққа тірелген: банктер несие беруді тоқтатқан, жұмыскерлерге еңбекақы төленбеу қауіпі орын алуда. Айта өтетіні, компания Қарағанды облысындағы ірі экспорттаушы компаниялардың бірі. Осы жылы компания «Бәйтерек» холдингінің «Ұлттық чемпиондар» қатарына енген компаниялар қатарында танылған.

2014 жылдың наурыз айында Қарағанды облысы Көкпекті су бөгетінің істен шығуы  салдарынан 5 адам қаза болып, алты адам зардап шеккен болатын. Қарағанды облысы Октябрь ауданының Рабочий ауылында  тұрғын үйлерді су басып, малдардың өлім-жітімі тіркеліп,  байланыс желілері зақымданған болатын. Оқиға салдарынан келтірілген шығын 1 397 488 101 теңгені құраған.

Жоғарыда аталған кәсіпкер Валерий Крючков осылайша ҚР ҚК 223 бабында қарастырылған -өкілеттілігін теріс пайдаланған,  ҚР ҚК 2 бөлімі 245 бабында қарастырылған - құрылыс жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережелерін бұзуы салдарынан  абайсызда адам өліміне және басқа да ауыр салдарларға алып келген деген қылмыстарды жасаған деп айыпталуда.

Бұл ретте, қылмыстық іс айыптау бағытында жүргізіліп отырғаны туралы кәсіпкердің айтып отырған дәлелдерімен таныса келе, сараптама тиісті деңгейде жүргізілмегенін көрсетіп отыр. 

Тергеу органдарымен Владимир Крючковтың мүлігі мен есеп шотына, оның ішінде «Сантехпром» ЖШС шотына тыйым салынған. Осылайша кәсіпорын қызметі тығырыққа тірелген: банктер несие беруді тоқтатқан, жұмыскерлерге еңбекақы төленбеу қауіпі орын алуда. Айта өтетіні, компания Қарағанды облысындағы ірі экспорттаушы компаниялардың бірі. Осы жылы компания «Бәйтерек» холдингінің «Ұлттық чемпиондар» қатарына енген компанияның бірі ретінде танылған.

Баспасөз маслихатының қорытындысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл атына ашық мәлімдеме жасап, Владимир Крючковтың құқығы мен еркін қорғау бойынша шаралар қолдануды, осы іс бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінің  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер