ЕЭК отырысында Қазақстанның ұсыныстары талқыланады
2015 жылғы 5 қазанда Мәскеуде ЕЭК кедендік заңнамасын жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының 15 отырысы өтеді
Күн тәртібіне Қазақстан Республикасының ЕАЭО Кедендік кодексі жобасының «Еркін кеден аймағы кедендік процедурасы» 20 тарауы және «Еркін қойма кедендік процедурасы» 21 тарауы бойынша шартты түрде шығарылған тауарларға деген ұстанымды өзгерту жөніндегі ұсыныстары енгізілді.
Сонымен қатар сараптамалық деңгейде қайшылықтар туындатқан мәселелер, және де ЕАЭО Кеден кодексі жобасының кедендік бақылауды жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалануды реттейтін нормасы қаралады.
2015 жылғы 6-16 қазан аралығында Мәскеуде сонымен қатар ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобының 16 отырысы өтеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ЕАЭО Кеден кодексі жобасы 1-3 бөлімдері бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер бойынша ұстанымдарын талқылау, сондай-ақ аталмыш бөлімдерді Жұмыс тобында қабылданған шешімдерді ескере отырып аяқтап бітіру жоспарланып отыр.
Сараптау тобының отырысында сонымен қатар Ресей Федерациясының ЕАЭО Кеден кодексінің жобасында тауарларды таңбалау мәселелері жөніндегі жобаларды бекіту бойынша ұсыныстары қаралады.
Отырыс материалдарымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: