astana-view

ORTCOM.KZ - Е.Больгерт: «Жергілікті және республикалық деңгейде инвестицияларды тарту қатар жүргізілуі тиіс»

2015 жылғы 26 Қараша
4134 просмотров

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдер инвестицияларды тартуға жеке жауапты екендіктерін мәлімдеген болатын.

Инвестициялар және даму министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықтармен бірлесе отырып, әлемдік тәжірибені зерттеп жатыр. Жақында Австралияға сапар ұйымдастырылды. Құрлықтың экономикасы бәсекеге жоғары қабілеттілігімен, ашықтығымен және икемділігімен ерекшеленеді. Шикізат базасы мықты Австралия шетелдік капиталды табысты тартуда. Бұл елдің тәжірибесін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жандандырудың қажеттілігін ORTCOM.KZ порталына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарушы хатшысы Евгений Больгерт түсіндіріп берді.

«Австралияда инвесторлармен тікелей штаттар жұмыс жасайды. Және жергілікті деңгейде роялти (салық түрі – ескерту) мөлшері белгіленеді, бұл қандай да бір штатқа қаражатты тартудың қазыналы құралдарына әсер етуі мүмкін. Австралияда бұл салада өңірлер арасында бәсекелестік бар. Және бұл осы бағыттағы жұмысты тиімді етеді», - деді сұхбаткер.

Евгений Больгерттің айтуынша, шетелдік серіктестермен жұмыс жергілікті және республикалық деңгейде қатар жүргізілуі тиіс.

«Қазақстанда жалпыға таралған пайдалы қазбаларды игеру және өндіру туралы шешімдер жергілікті деңгейде, ірілері бойынша – республикалық деңгейде қабылданады. Мұнда нақты іс-қимылдар үйлесімі қажет. Әкімдіктер инвесторларға қажетті инфрақұрылым мәселелерін шұғыл түрде шешулері тиіс. Инвестицияларды тартуда әкімдердің рөлі күшейсе, одан жамандық көрмейміз», - деді сарапшы.

ҰКП кәсіпкерлікті өңірлік дамыту картасын құрумен айналысып жатыр. Жұмыс әкімдіктерпен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Бұл құжат шетелдік кәсіпкерлердің бағдар сілтеушісіне айналуы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер