astana-view

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы және отандық тауар өндірушілердің І «Ұлы дала елі» Форумы өтеді

2015 жылғы 02 Желтоқсан
8276 просмотров

Қос іс-шара 2015 жылғы 4-5 желтоқсан күндері «Көрме» орталығында өтеді. Онда өңірлік байқауларда жеңіске жеткен 144 жүлдегер компаниямен таныс боласыз.

Отандық тауар өндірушілердің В2В форматында өтетін I «Ұлы дала елі» Форумында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерін талқылау жөніндегі алқа отырысы, сонымен қатар отандық өндірушілер тауарларының көрмесі өтеді.

Еліміздегі тауар өндірушілердің І Форумының негізгі идеясы - «Ұлы Дала Елінің Тауарлары» атты бірыңғай қазақстандық брендтің негізін қалау.

2015 жылғы 4 желтоқсанда «КӨРМЕ» орталығында отандық тауар өндірушілердің I «Ұлы дала елі» Форумы аясында алқа отырысы өтеді. 

2015 жылғы 27 шілдеде Қазақстанның Марракеш келісіміне (ДСҰ) қосылатыны туралы Хаттамаға қол қойғанын еске саламыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кәсіпкерлік орта үшін жаңа мүмкіндіктер береді және бизнес-қоғамдастықты ұйымдстырудың қолданыстағы тетіктерін, отандық бизнес үшін де, халықаралық ынтымақтастық және өндірістік кооперация үшін де, қолдау, дамыту шараларын жетілдіруді қажет етеді. 

«Атамекен» ҚР ҰКП алғаш рет ұйымдастырып отырған жыл сайынғы жаңа Форум да осындай алаңға айналмақшы. 

Отандық тауар өндірушілердің I «Ұлы дала елі» Форумы аясында жеткізушілер мен тапсырыс берушілер бірлескен жұмысты жөнге сала алады. Оның үстіне аталмыш алаң бизнеске ұлттық экономика мен бизнес жұмысына тікелей ықпалын тигізетін жоспарланып отырған және енгізіліп қойған шаралар туралы, жаңа енгізілімдер мен өзгерістер туралы ақпарат беруге сеп болады.  

Форумға қатысыңыздар! 

Өткізілетін күні, уақыты және орны: 2015 жылғы 4-5 желтоқсан, сағат 9.00-14.00, Астана қаласы, «Көрме» орталығының конференц-залы, 1 қабат.

БАҚ-тың аккредиттеуден өтуі міндетті.

Аккредиттеу уақыты: 2015 жылғы 3 желтоқсан, сағат 18:00-ге дейін. 


Ұқсас жаңалықтар:

Ата заң күні – аламан сайыс
29 Тамыз
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер