«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылысқа рұқсат беру рәсімдерінен өтудің бірыңғай қағидаларының презентациясы өтті
Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында құрылыс саласындағы барлық рұқсат беру рәсімдерін «бір терезе» қағидаты бойынша реттейтін бірегей нормативтік құжат қабылданады» деп атап өткен болатын.
«Атқарылатын жұмыстардың технологиялық күрделілігіне қарай, сараптама жасаудың жекелеген түрлері жеке секторларға беріледі. 2016-2020 жылдары жобаларды 90 %-ын жекеменшік нарыққа беру жоспарлануда» деп көрсетілген мақалада.
Жоғарыда аталған тармақтарды жүзеге асыру мақсатында, салалық қауымдастықтар мен құрылыс саласындағы ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жұмыс тобы құрылған. Ұлттық палата өткен жылы құрылыс саласының мәселелерін талқылау бағытында 40-қа жуық отырыс ұйымдастырып, Құрылыс жүргізу қағидаларының бірнеше нұсқасын талқылаған болатын. 30 желтоқсанда құжаттың соңғы нұсқасы ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген.
Ұсынылып отырған құжатта құрылыс жүргізудегі қолданылып отырған қағидалар мен жоспарлауға қажетті негізгі мәліметтерді ресімдеу және құжаттардың берілуіне қатысты ережелер, сондай-ақ жаңа құрылыс нысанын салуға және нысан (ғимараттар, олардың кешендік құрылыстары және т.б.) құрылысына өзгерістер енгізуге арналған рұқсат беру рәсімдерінің қағидалары енгізілген. Аталып отырған нормативтік-құқықтық актілердің қағидаларын біріктірумен қатар, құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдері қайта қаралып, оңтайландырылды.
Нәтижесінде негізгі мәліметтердің берілу мерзімі 91 жұмыс күннен 15 жұмыс күнге (қысқарту 6 есе) қысқартылды, ал эскиздік жобаны келісімдеу мерзімі 30 күннен 10 жұмыс күнге (қысқарту 3 есе) қысқарды. Сонымен қатар, эскиздік жобаны келісімдеу барысында құрылыс нысанының сыртқы желілерінің жобасын келісімдеу көзделген. Осылайша аталған келісімдеу шарасының мерзімі 60 күннен 30 күнге қысқартылды.
Сондай-ақ құжатта «Құрылыстың толық салынуы» түсінігіне анықтама берілген, бұл өз кезегінде тұрғын-үй нысанының ішкі әрлеу жұмыстарын бастапқы өңдеу қалыпында пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Бұл құрылыс салушылар мен азаматтардың бірқатар мәселелерін шешеді, айтар болсақ, құжат қабылданғанға дейін тұрғын-үйдегі пәтер иелері барлығы дерлік бастапқы әрлеу жұмыстарын аяқтамайынша тұрғын үйді пайдалануға рұқсат берілмейтін.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз маслихатында «Сараптама ұйымдарының палатасы» коммерциялық емес ұйымды құру бағытында бірлескен жұмыс тобы құрылғаны жайлы айтылды. Аталған ұйымға сараптама жүргізіп отырған ұйымдарды барынша тарту және оларды ұйым жұмысына қатыстыру жоспарлануда.
Сондай-ақ «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ЕАЭО Техникалық регламентінің жобасын келісімдеу мен бекітуге қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұстанымы мәлімделді. Бұл ретте ұсынылып отырғаны: біріншіден, ғимараттар мен құрылыс нысандарын техникалық регламентпен реттелетін нысандар қатарынан шығару, бұл ретте ғимараттар мен құрылыс нысандарына қойылатын талаптар айрықша ұлттық заңнамамен реттелуі тиіс; екіншіден, ЕАЭО аясында мемлекет аралық техникалық реттеуге құрылыс материалдары мен құрылыс бұйымдарын енгізу.
ҚР ҰКП отандық тауар өндірушілердің өнімдерін нарықта ілгерлету бағытында медиа-жоспар дайындалғаны жайында ақпарат берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: