astana-view

АСТАНА ТВ - Алматыда мектеп пен аурухана асханаларын жалға беру құны арзандайды

2016 жылғы 28 Қаңтар
3967 просмотров

Аурухана мен мектептердегі асханаларды жалға алу ақысы арзандамақ. Бұл туралы Алматыда кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов БАҚ өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, бекіткен мемлекеттік мүлікті жалға беру ережелерінде заңға қайшы тұстар болғаны анықталған. 

Палата өкілдері бұған дейін Бас прокуратураға шағымданған еді. Онда мемлекеттік мекемелердегі асханаларды жалға алып, қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлер үшін ғимаратты жалдау ақысының негізсіз қымбаттағаны айтылған. Прокурорлар анықтағандай, жалға беру ақысы бекітілген кезде кәсіпкерлер палатасының өкілдері болмаған. 

Юрий Тілеумұратов, Алматы қ. кәсіпкерлер палатасының директоры: 

Біз мұны жақсы жаңалық деп білеміз. Бас прокуратураның бұл іске араласуы үміт ұялатады. Және құзырлы орган өкілдері мұндай ережелер заңға қайшы екенін айтып отыр. Енді Ұлттық экономика министрлігімен Алматы әкімдігінің қаржы басқармасымен бірлесе отырып, асханаларды жалдау ақысы қайта қаралатын болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер