astana-view

АСТАНА ТВ - «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы несиелердің пайыздық үстемақысын төмендетуді ұсынды

2016 жылғы 28 Қаңтар
3655 просмотров

Кәсіпкерлер үшін несиелердің пайыздық үстемақысы төмен болуы керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаржы комитетінің отырысында төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Оның айтуынша, Ұлттық Банк қойып отырған 16 пайыздық базалық үстемақымен бизнесті аяққа тұрғызып, әрі қарай дамыту мүмкін емес. Ұлттық палатаның төралқа төрағасы айналмалы несиелер 12 пайыз, ал инвестициялық несиелердің пайыздық үстемақысы 7 пайыздан аспау керек деген ойын білдірді. Құлыбаев сонымен қатар, импортты алмастыру бойынша нақты шараларды қолға алу керектігіне тоқталды. 

Тимур Құлыбаев, ҚР «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы: 

Ресейде азық-түлік, құрылыс сынды ірі бағыттарда есеп-қисап рубльмен жүреді. Өйткені ресейліктер осы салада қажетті өнімдерді өздері өндіріп, тіпті бір бөлігін экспортқа да шығарып отыр. Ал Қазақстанда азық-түлік саласының да, құрылыстың да басым бөлігін импорт алады. Сондықтан АҚШ валютасына қатты байланып отырмыз. Жағдайды өзгерту керек: өзіміздің тауарларды көптеп шығарып, теңгеге деген сенімді арттыру керек.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер