astana-view

24KZ - Астанада Startup жобаларды қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама әзірленеді

2016 жылғы 02 Наурыз
4425 просмотров

Астанада кәсіпкерлерді қолдау бойынша ең тиімді бизнес-климат қалыптасқан.

Астана қаласы кәсіпкерлерінің III конференциясы барысында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков осылай деді. Астананың жалпы өңірлік өнімділігі шағын және орта бизнестің үлесі 61%-ға жеткен. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 283 мың адам. Астананың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала келе, қала әкімі әкімдік пен кәсіпкерлердің өңірлік палатасының бірлескен белсенді жұмысының бизнестің дамуына елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Астанада startup жобаларды қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама әзірленеді. Биылғы жылы оны жүзеге асыруға шамамен 3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл – сауда саласын қаржыландыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы.

Әділбек Жақсыбеков, қала әкімі:

- Бұл бағдарламаны «Даму» қорымен талқыладық, олар да қатысуға мүдделі. Қор қосымша 1 млрд теңге бөлуге дайын. Яғни, қазір біз 1 млрд, «Даму» қоры тағы 1 млрд теңге бөледі. Бұл бағдарлама табысты болса, жыл соңына дейін тағы 1 млрд теңге қарастырамыз. Бағдарламаның шарттары мен оны жүзеге асыру тәртібі әзірленіп жатыр.

Тимур Құлыбаев, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен» одағы палатасының алқа төрағасы:

- Астана республикалық бюджеттің донорына айналды. Бұл үлкен жетістік. Бұрын республикалық бюджеттен Астанаға көп болініп жатыр деген әңгіме коп еді, енді, міне, Астананың кірісі республикалық бюджетке үлес қосуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер