astana-view

ХАБАР - Жаңа жылдан бері елімізде 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

2016 жылғы 16 Наурыз
3750 просмотров

Жаңа жылдан бергі екі жарым ай ішінде елімізде 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оған қатысушылардың ұзын саны 1200-ге жетіп жығылады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының комитеті хатшысының орынбасары Дінмұхаммед Әбсаттаров осылай деді. 

Оның айтуынша, жалпы заң бойынша бір кооперативтің үш құрылтайшысы болады, ал қосылам деушілер қатарына шектеу жоқ. «Олардың басым бөлігі – негізінен мал шаруашылығы, сүт, ет өндірісіне иек артқандар», – дейді мамандар. 

Елімізде барлығы 6 млн 68 мың қара мал болса, оның 85 пайызы жекенің қолында. 

Көпшілігі осыған дейін сүт-етін көршілерге немесе әрқайсысы жеке-жеке сауда үйлеріне барып сатып жүрсе, қазір бұл шаруа бір жүйеге келтірілген. Әрі кооперативтерге мемлекеттік қолдау ерекше, несиенің өзі 50 пайыз жеңілдікпен беріліп отыр.

Дінмұхаммед Әбсаттаров, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы комитетінің хатшысының орынбасары

- 2016 жылы кооперативтерді қалай құрамыз деген зерттеулер жүргізе бастадық. Біріншісі ол ішкі нарықты зерттеу, сауда ұйымдарының алаңдары бар, «Рамстор», «Метро», «Магнум» секілді солардың барлығының сауда алаңдарын зерттеп, осы саладағы егжей-тегжейлі мәселелерді анықтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер