astana-view

24KZ - Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау жайы талқыланды

2016 жылғы 08 Сәуір
3603 просмотров

Тауар сатып алу және қызмет көрсету саласын дамыту үшін оған бизнес өкілдерін барынша тарту керек.

Бұл туралы Павлодарда өткен аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің отырысында сөз болды. «Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев салада атқарылған шаруалар мен өңірдегі кәсіпкерлікті бұдан әрі дамытудың жайын айтты.

Ол мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар мен қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы келісімшартты ұзақ мерзімді ету керектігіне назар аударды. Оның пікірінше, бүгінде аталған жүйе мемлекеттің отандық кәсіпкерлікке деген ең ұтымды көмегі болып отыр.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы:

- Мен мемлекеттік сатып алу жөнінде айтып өттім. Бірінші кезекте, бұл «Самұрық Қазына» қорының кәсіпорындарына қатысты. Олармен бірге «Атамекен» де келісімге қол қойды. Сондықтан өңірлеріңіздегі «Самұрық Қазына» кәсіпорындары ұлттық компанияның өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер