astana-view

Қазақстанның Бизнес-омбудсмені ӨКП-ның Ақтөбе облысы кәсіпкерлерімен есептік кездесуіне қатысты

2016 жылғы 15 Сәуір
7076 просмотров

Жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесуде өңірдің ең өткір проблемалары – жер телімдерінің қолжетімсіздігі, жергілікті атқарушы органдардың жер телімдерін беруден және жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстырудан бас тартуы қаралды.  

Жер кодексіне сәйкес, кәсіпкерлер жерді аукцион арқылы ала алады. Алайда, мұндағы бар кілтипан аукциондарды өткізу – әкімдіктің ғана құзырында екендігінде жатыр, ол сұрау салынған  телімді аукционға бір айдан соң, немесе бір жылдан соң шығаруы мүмкін, не болмаса мүлдем шығармай қояды. Айталық, 2013-2015 жылдары Ақтөбе қаласы бойынша барлығы 7 аукцион өткізіліп, 117 жер телімі сатылған, ал, осы үш жыл ішінде ШҚО-да 86 аукцион өткізіліп, 532 жер телімі сатылған, ОҚО бойынша – 56 аукцион және 828 жер телімі бәс саудамен кеткен.

Кездесудің қорытындылары бойынша аукциондарды кезең-кезеңімен өткізу ұсынылды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар сұрау салынған жер телімінің нысаналы мақсатының Бас жоспарға және Детальді жоспарлау жобасына (ДЖЖ) сәйкессіздігіне орай кәсіпкерлерге жер телімдерін беруден және жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстырудан бас тартады.  Осыған байланысты жерді беру, нысаналы мақсатын өзгерту мәселелерін кәсіпкерлікті дамыту тұрғысынан қарастыру ұсынылды.  

Ақтөбелік кәсіпкерлер сонымен бірге өзге де өзекті проблемалар жайында, мысалы, мемлекеттік тапсырысты жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне орналастыру кезіндегі жан басына шағып қаржыландыру ережелерін бұзушылықтар, әлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелері. Кездесу барысында салық салу саласындағы мәселелер де қозғалды. Айталық, салықтық және өзге де міндеттемелерді ерікті орындауға қатысты  кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша Ақтөбе облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне кәсіпкерлердің заңды құқықтарына қысым жасау практикасын кінәлі адамдарды жауапқа тарта отырып тоқтату ұсынылды.  

«Еліміз бойынша негізгі проблемалар жер қатынастары, сәулет және салық салу салаларында қалып отыр. Дәл осы мәселелер Ақтөбе облысы үшін де өткір, – деп атап өтті Қазақстанның Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілі Болат Палымбетов. – Бүгінгі күні бірігу мәселесі қай кездегіден де өзекті дейтін жағдаят қалыптасып отыр – бизнесті дамыту үшін бүкіл мүмкіндікті беру қажет, барлық кедергілерді жою қажет, жаңа көкжиектерге қол созу қажет. Біз  мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастар экономиканы дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің көзіне айналғанын қалаймыз». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер