astana-view

Қаржыны қалай көбейтуге болады?

2016 жылғы 19 Қыркүйек
5575 просмотров

2016 жылдың 21-22 қыркүйегінде Алматыдағы InterContinental Almaty қонақ үйінде жыл сайынғы InvestPro Kazakhstan Almaty – 2016 конференциясы өтеді

Шараны Bosco Conferencе компаниясы ұйымдастырып отыр.

Конференция халықаралық инвестициялау, қаржыландыру, капиталды басқару және арттыру, халықаралық құрылымдарды жасау мәселелеріне арналған.

Көрмеге халықаралық банктердің, құқықтық, инвестициялық, аудиторлық, қаржылық және девелоперлік компаниялардың 20-дан астам экспонеті қатысады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл шараға қатысу бизнес өкілдеріне өз клиенттік және серіктестік желісін Қазақстан, ТМД, ЕО, Таяу Шығыс пен Азия елдерінің көшбасшы өңірлерінен 250 жаңа байланыстармен кеңейтуге мүмкіндік бермек.

InvestPro Kazakhstan Almaty 2016 конференциясы активтерді қорғау, жеке капиталды басқарудың маңызды әрі өзекті мәселелерінің басын ашады, инвестиция, жылжымайтын мүлік және азаматтық салаларында жаңа шешімдер ұсынады. Спикерлер қатарында ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс пен Азия елдерінің жетекші компаниялары мен банктерінің басшылары бар. InvestPro Kazakhstan Almaty 2016 – бұл ұжымдық коммуникацияларға арналған бірегей алаң, нарық көшбасшыларымен тәжірибе алмасу, сапалы әрі сенімді ақпарат, бизнесті дамытуға арналған жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер.

Сұрақтар туындаса, Bosco Conference компаниясына мына телефондар арқылы байланысқа шығуға болады:  +44 203 519 34 84,+7 727 350 54 74, +7 499 705 91 98, +37 25 440 96 44

E-mail: office@bosco-conference.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер