astana-view

Астанада «Қазақстан – жаңа мүмкіндіктер» деген атаумен Іскер әйелдердің II Конгресі өтеді

2016 жылғы 31 Мамыр
4409 просмотров

Іскер әйелдер Кеңесінің Конгресіне ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатыспақ. 

Жиында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйлейді.

Панельдік сессияда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова кәсіпкерлікті дамытудағы әйелдердің ролі туралы баяндайды.

Сондай-ақ, өңірлерден арнайы келген Конгресс делегаттары Қазақстан экономикасын дамытудағы әйелдер кәсіпкерлігі, жаңа бизнес бастамалар, сондай-ақ, сыртқы сауда байланысындағы әйелдер кәсіпкерлігінің ролі, қазіргі заманғы тенденциялар – онлайн бизнес туралы мәселелерді талқыға салады.

Өтетін күні және орны: 2016 жыл 1 маусым, тіркеу – 14.30-да, басталуы сағ. 15:00-де, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7, «Rixos President Astana Hotel» отелі, «Жерұйық» залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер