astana-view

24KZ - Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері өзара ынтымақтастық туралы келісті

2016 жылғы 11 Маусым
3229 просмотров

Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері кәсіпкерлердің түйіні шешілмеген мәселелерін қос мемлекеттің аумағында бірлесіп шешуге келісті.

Ынтымақтастық туралы меморандумға VII бүкілресейлік кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер конференциясында қол қойылды. Алқалы жиынға барған Ресей министрліктері мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері бизнесті жүргізу қауіпсіздігі экономикалық климатты жақсарту секілді түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға жиналды. Бүгінгі таңда екі жақта 11 мыңдай бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс былтыр 13%-ға ұлғайған.

Борис Титов, РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі:

- Бүгін біз Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айттық. Салықтар мен тарифтер мейлінше төмендетілген. Бір ымыраға келуіміз біз үшін өте маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер