«Нұр Отан» мен «Атамекен» ҰКП ынтымақтастық жөніндегі келісімге келді
Отандық бизнестің мүддесі енді бас партия назарында болмақ.
Бүгін «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат кәсіпкерлікті дамыту және бизнес мүддесін қорғау бойынша жүйелі қарым-қатынас орнату шараларын қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2050 жылға дейін жалпы ішкі өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 50%-ға дейін жеткізу керек. Әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан табылу үшін де бизнеске қолайлы орта қалыптастыру маңызды. Бұл ретте екі ұйымның бірлесе әрекет етуі зор серпін бермек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: