astana-view

ҚР АШМ Қазақстан бойынша барлық фермерлерге тегін оқытуды ұйымдастырады

2016 жылғы 29 Шілде
1710 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның барлық облыстарындағы фермерлерге тегін оқыту семинарларын ұйымдастырады. Осы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен бір миллиард теңге бөлді, деп хабарлады www.pm.kz.

Орындаушы болып «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленгені атап өтілді. Арнайы сол үшін ағымдағы жылдың маусымында палата агроқұзіреттер орталығын құрды. Орталық директоры Төлеутай Рахымбековтың айтуынша, фермерлердің негізгі мәселесі ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады.

«Біз Қазақстан бойынша барлығы 600 семинар өткізуді жоспарлаудамыз және он мыңнан астам фермерлерді қамтамасыз етеміз. Семинар ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленген 25 негізгі бағыт бойынша өткізілетін болады. 13-і мал шаруашылығы бойынша және 12-і өсімдік шаруашылығы бойынша. Негізгі проблеманың бірі - ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету. Барлық фермерлер бірдей ауыл шаруашылығының мамандары емес. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімді әрдайым жетілдіріп отыру керектігін айтады, біздің фермерлер барлық инновациялық жаңалықтарды білулері тиіс», - деді Т.Рахымбеков.

Сонымен қатар, бағдарламаға 25 шетелдің мамандары атсалысуда. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардың әдісімен таныстыратын болады.

«Қараша айына дейін Қазақстанның барлық облыстарын қамтуды жоспарлаудамыз. Біздің мақсатымыз тек 10 мың фермерді оқытып қана қоймай, оларды семинар барысында қазіргі заманға сай шешімдер қабылдауға үйрету. Осындай ауқымды бағдарламаға мемлекет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді», - деді Т. Рахымбеков.

Тұрақты негізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сүйемелдеу үшін және оларға дәріс беру үшін ҚР ҰКП www.fermers.kz интернет порталын әзірлеуде. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер