astana-view

Алматыға Гомельден қонақтар келеді

2016 жылғы 16 Тамыз
4606 просмотров

17-21 тамыз аралығында Гомель облысының іскерлік орта делегациясы Алматы қаласына ресми іссапармен келмек

Бұл сапар Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасының гомельдік бөлімшесі мен Белоруссияның Қазақстандағы елшілігінің біріккен бастамасымен, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы және ALEXPO көрме компаниясының қатысуымен ұйымдастырылған.

Сапар бағдарламасында балаларға арналған тауарлардың XI халықаралық мамандандырылған «Балалық шақ-2016» көрмесінің жұмысына қатысу, Алматы қаласының киім өндіруші компанияларымен келіссөздер жүргізу, сауда желілерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастыру, «Қазлегпром» ЖШС аралау, Желілерді сатып алу орталығына бару мен басқа да іс-шараларға қатысу жоспарланған.

Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасының шақыртуымен аталған іс-шараларға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысады.

Іскерлік кездесу 19 тамыз  сағат 16-00-де, Алматы қ-сы, Тимирязева к-сі 42 мекенжайы бойынша «Atakent Park Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер