astana-view

Отандық кәсіпкерлерге басымдық берілуі тиіс

2014 жылғы 17 Наурыз
2475 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өскемендегі «Ульба-электро» мекемесінің шаруасын дөңгелетіп әкетуіне ықпал етті.  

Алдымен отандық кәсіпкерлерге басымдық берілуі тиіс. Осы қағиданы ұстанған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өскемендегі «Ульба-электро» мекемесінің шаруасын дөңгелетіп әкетуіне ықпал етті.

Мекеме бірнеше жылдан бері насос жабдықтарын жасаумен айналысады. Бірақ, су жабдықтарына сұраныс аз болған. Ал, жергілікті су арнасы мекемелері болса, дәл сол құралдарды шетелден әкеліп орнатады. Бұл өңірлік палата сарапшыларын алаңдатпай қоймады.

Мамандар жергілікті шаруашылық мекемелері мен пәтер иелері қауымдастығы өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Владимир Рябцев, «Ульба-электро» ЖШС директорының орынбасары:
Отандық өнімдерге басымдық берілуі керек делінгенімен, іс жүзінде ол орындалмайды. Бірнеше рет су арнасы мекемесімен, қала басшыларымен келіссөздер жүргізген едік. Нәтиже болмады. Сосын өңірлік палатаға өзім хат жаздым. Міне, бір аптаның ішінде бізге тапсырыс беріле бастады.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер