astana-view

BNEWS.KZ - Кәсіпкерлердің 41 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалды – Н.Әлтаев

2016 жылғы 08 Желтоқсан
1085 просмотров

Биыл кәсіпкерлер тарапынан ұлттық палатаға 5 419 арыз-шағым келіп түсті. Тиісті шаралар қолға алынып, арыздардың 40%-ы оң шешімін тапты. Осылайша, бизнес қауымның 41,7 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау өте маңызды. 2013 жылдың қазан айынан бері Ұлттық палатаға 15430 арыз-шағым түссе, осы жылы олардың саны 5419ды құраған. «Атамекенде» бизнес өкілдерінен арыз-шағым қабылдауға арналған онлайн-сервистер іске қосылып, прокуратура органдарымен өзара байланыс орнаған. Ең көп шағым салық салу, жер заңнамасы, сатып алу және кәсіпкерлік саладағы дау-дамайларға қатысты болып отыр. Арыздардың 40 пайызы оң шешімін тапты. Сәйкесінше, кәсіпкерлердің 41,7 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалған», – деді ол.

Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев бизнес-ортаны жетілдіру мақсатында кәсіпкерлер палатасының өзекті мәселелер реестрі жасалғандығын атап өтті. Келіп түскен 438 мәселенің 65%-ы, яғни 285-і шешімін тапқан. Оның айтуынша, 2016 жылдың 11 айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 4 040 нормативтік-құқықтық акті жобасын сараптаудан өткізген.

«Нақты нәтижелер байқалуда. Тиімді жоспарлау жобаларының жоқтығы себебінен әкімдіктердің жер телімдерін беруден бас тарту мәселесі шешілді. Осылайша коммерциялық жердің мақсатты тағайындалуын өзгерту қажеттілігі жойылды. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесі оңтайландырылып, жоспарлы тексеріс түрлері тоқтатылды. 3 тексеріс тәсілі енгізілді», – деп түйіндеді сөзін Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер