astana-view

ХАБАР - Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті жетілдіру бағытында кешенді шаралар ұсынуы тиіс

2017 жылғы 31 Қаңтар
1656 просмотров

Экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруы өзара тығыз байланысты екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бұған қоса қазір әрқайсысымызға жағдайымызды жақсартуға мүмкіндік туып отыр.  

Жаппай кәсіпкерлікпен шұғылдану, мысалы, берілетін несие көлемін ұлғайтылып, пайыздық үстеме төмендетілмек. 

Басымдық беріліп отырған тағы бір бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Тіпті ол үшін әр ведомство, институт пен әкімдіктерге міндет жүктелді.  

Мәселен, Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық бизнесті жетілдіру бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс.  

Осы орайда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына да үлкен жауапкершілік артылады. Ондағы мамандар Үкіметпен бірлесіп, бизнестің шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты. 

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы 

- Шағын өзінің асханасын ашайын десе, магазинін ашайын десе, осының бәрі толған қағаз. Еш жерден өте алмайсың, ала алмайсың. Маңғыстауда соның бәрін бір терезеден жасадық. Әкім бәріне рұқсат беріп отырғызып қойды. Сол жерге келіп, біздің эксперттерге тапсырады. Кәсіпкер әркімнің табалдырығында жүрмейді. Осындай сервиске көшуіміз керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер