astana-view

ХАБАР 24 - Кәсіпкерлер конференциясында Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі сөз етілді

2017 жылғы 10 Ақпан
2937 просмотров

Кәсіпті қатаң қадағалаушылардың қатарын азайту керек.

Елде 61 ведомство бизнесті бақылайды. Бұл туралы кәсіпкерлер конференциясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді. Осы мақсатта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен арнайы келісімге келген. Енді Қаржы министрлігі жанынан құрылған комиссия салық органдарының кәсіпкерлерге жазған арызын сотқа дейін қарайтын болады. Сонымен қатар Тимур Құлыбаев Салық кодексіне түзетулер енгізу керек екенін жеткізді.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы:

- Мемлекет басшысының Салық кодексін қайта қарауға қатысты тапсырмасы бар. Біз өз кезегімізде арнайы жұмыс тобын құрдық. Сарапшыларды шақырдық. Қазір салық жүйесін жетілдіріп, оның кәсіпкерлерге түсінікті болуы жолында жұмыс жасап жатырмыз. Алдағы уақытта өз ұсыныстарымызды жолдаймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер