astana-view

Мораторий кәсіпкерлерге еркіндік бермейді - Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының басшысы

2014 жылғы 02 Сәуір
3170 просмотров

Шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты мораторий кәсіпкерлерге еркіндік бермейді, деп санайды Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ермек Әбілдин.

«Елбасының «Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы бізге зор мүмкіндік береді. Мораторийдің арқасында бизнестегі әкімшілік жұмыстардан біраз қол босайды», - деп атап өтті аймақтық палатаның басшысы.

Дегенмен мораторий кәсіпкерлерге босаңсуға себеп емес дейді ол. «Керісінше, осы сәтті пайдаланып, өз ісіңді толықтай тәртіпке келтіру керек. Ішкі аудит жүргізуді ұсынамыз. Ол үшін кәсіпкерлер палатасы жәрдемдесуге дайын», - деді Е.Әбілдин.

Оның пікірінше, мораторий кезеңінде алдын алу жұмыстарын күшейту керек. Осы мақсатта өңірлік палатаның негізінде бақылаушы және қазынашылық орган өкілдерінің қатысуымен топтар құрылады. «Кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес ала алады», - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті 2014 жылдың 24 ақпанынан «Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2 сәуірден бастап шағын және орта бизнес субъектілерін жоспарлы тексеруге мараторий күшіне енеді. Мораторий 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер