astana-view

«QazMeat» бренді Еуропадағы көрмелерге қатысты      

2018 жылғы 19 Қараша
5991 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП етті мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар үшін бизнес-тур ұйымдастырды. 

10-13 қараша аралығында отандық өндірушілер Италияның Болонья қаласында (EIMA International) ауыл шаруашылығы мен бау-бақша шаруашылығына арналған техника мен жабдықтардың халықаралық көрмесіне қатысты. 

«Қазақстанның Ет одағы» ЗТБ және Италияның ет секторының 60% құрайтын Assocarni Ассоциациясы ет өнеркәсібі саласында тараптардың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды.

Италияға сапар аясында кәсіпкерлер Inalca компаниясының Модендегі өндірістік нысандарын аралады. Атап айтқанда, тәулігіне 1200 бас ІҚМ өңдеу қуаттылығы жететін ет өңдеу зауытына барды. Компания қазақстандық өндірушілерге ІҚМ өңдеу, ет және ет өнімдерін өндіру процесін көрсетті.

Inalca-Еуропаның ең ірі өндірушілерінің бірі. Өнім экспорты негізінен әлемнің 70 елінде бар және 500 мың тонна көлемінде өндіріледі.

Бұл кездесу Қазақстан аумағындағы «Inalca Eurasia» компаниясының объектілерімен қазақстандық өндірушілердің одан әрі тиімді жұмысы үшін іскерлік байланыстар орнатуға жағдай жасады.

13-16 қараша аралығында қазақстандық делегация Ганновер қаласында өткен EuroТіег-2018 халықаралық көрмесіне қатысты. EuroTier-2 жылда бір рет өтетін мал шаруашылығының жетекші әлемдік көрмесі.

«Атамекен» ҰКП отандық «Qazaqmeat» брендін шетелде насихаттау мақсатында қазақстандық ет өндірушілер үшін көрмеде стенд ұйымдастырды.

Көрмеге қатысушылар ірі қара, шошқа, құс өсіру, қой, ешкі өсіру және балық өсіруді дамыту саласындағы соңғы жаңалықтарды таныстырды.

Еліміздің өндірушілері Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуге мүдделі шетелдік серіктестермен бірқатар кездесулер өткізді. N-Ivogen (Бельгия) компаниясы ангус және герефорд тұқымдарының ет өнімдерін импорттау бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«Lindena Deutsches Zuchtvieh» неміс компаниясының «Агротек Глобал Трейд» ЖШҚ сынды өзбекстандық серіктесі бар.

Қытай, Иордания, Сауд Арабиясы, ЕО елдері, Қырғызстан және басқа да елдердің компаниялары қазақстандық етті экспорттауда ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.

Қазақстанның Ет одағының төрағасы мал шаруашылығы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ұсынатын ірі америкалық «AGCO» инвестициялық компаниясының коммерциялық директоры К. Ликармен келіссөздер жүргізді.

Көрме аясында «Орталық Азия елдерінің етті мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі және экспорттық әлеуеті» атты халықаралық конференция өтті, онда еліміздің экспорттық әлеуеті туралы Қазақстанның Ет одағы Украина сүт өндірушілер қауымдастығымен бірлесіп баяндама жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер