astana-view

Капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасы жуық арада талқыға ұсынылады

2014 жылғы 13 Сәуір
2642 просмотров

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кеше Ұлттық инвесторлар кеңесінің бірінші отырысында Президент берген тапсырмалар бойынша атқарылатын жұмыстарды сөз етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Кеше ұлттық инвесторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл – отандық бизнестің дамып келе жатқандығының көрінісі, елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың жемісі. Кеше көптеген мәселелер талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасына нақты тапсырмалар берді», - деді А.Мырзахметов. 

«Президент капиталдарға амнистия жариялау тапсырмасын берді. Бұл барлық азаматтарды қамтиды, бізде тәжірибе бар. Алдағы уақытта Үкімет бұл заңның жобасын жариялайды. Мемлекет басшысы шілде айына дейін барлық мәселелерді талқылауға уақыт берді», - деп қосты ол. 

Басқарма төрағасы бүгінде кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелердің шешіліп жатқанына тоқталды. 

«Бүгінде рұқсаттар беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер енгізіліп жатыр. Заң жобасы осы күні Мәжілісте талқыланып жатыр, ол мамыр айында күшіне енеді деп отырмыз. Жалпы алғанда, бүгінде кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер шешілуде, жүйелі шешімін тауып отып деп айта аламыз», - деп түйіндеді ол. 

Дерекнамасы: bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер