astana-view

Жеке қаржылық сауаттылық

2021 жылғы 23 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4505 просмотров

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы сіздерді «Жеке қаржылық сауаттылық» атты тегін семинарға шақырады.

Күні: 2021 жылы 26 ақпан, сағат 15:00-де

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, Кәсіпкерлер палатасының ғимараты

Қашықтан қатысқысы келетіндер үшін онлайн-байланыс ұйымдастырылады.

Қатысу үшін сіз 25 ақпан сағат 18:30-ға дейін тіркеліп, қатысушылардың мәліметтерін (аты-жөні, қызмет түрі, телефон нөмірі) members.mng@atameken.kz. электрондық поштасына жіберуіңіз керек.

Осы семинарда сауатты инвестициялар үшін портфельдердің мысалдары, қаржы тұрғысынан өмірді түсіну және көру, сондай-ақ отбасының жеке қаржылық жоспары және қаржылық мүмкіндіктерді жеке дамыту құралдары қарастырылады.

Спикер туралы: Асель Нургужина, PhD, CEO, associate professor, бизнес-жаттықтырушы, тәлімгер.

Асельдің корпоративті секторда ТОП көшбасшысы ретінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Бүгінде ол тәуелсіз халықаралық және жеке қаржы кеңесшісі.

Асельдің жеке қаржы нарығында 6 жылдан астам тәжірибесі бар, сонымен қатар ол бизнес иесі. Еуропадағы және АҚШ-тағы сенімді және кепілдендірілген құралдардағы капиталды құру және қалыптастыру үшін пассивті инвестициялық портфельдермен айналысады.

Асельдің арсеналында Black Rock, MS, GAM және т.б. басқарушы компаниялармен тікелей серіктестік қатынастары бар.
Негізгі миссиясы - әрбір екінші адамның жеке капиталы болу үшін, әсіресе өзіне және отбасына қамқорлық жасау үшін, біздің Отанымыздың тұрғындарының көпшілігінің қаржылық сауаттылығын дамытуға көмектесу, жақсы әрі қаржылық тұрақты өмір сүруге ұмтылу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер