astana-view

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында

2014 жылғы 21 Сәуір
3186 просмотров

Облыстық прокуратураның бастамасымен облыс көлеміндегі барлық аудандарда «Жылжымалы Экомәдениет» атты акциялар өткізілуде. «Кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау» және «Жылжымалы экомәдениет» акциялары аясында сәуір айының 15 жұлдызында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан кәсіпкерлерімен кездесу жиыны болып өтті. 

Жиынға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров, Қызылорда облысы прокуратурасының көмекшісі, әділет кеңесшісі Жамбыл Ерғалиев, Шиелі ауданы прокурорының көмекшісі Сейілбек Әміреев, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы міндетін атқарушы С.Ердалиев, ауыл әкімдері мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, әр бөлімнің өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. 

Кездесу жиынын аудан әкімі аппаратының басшысы Берікбол Байхожаев ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы сөзді алған Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылу мақсаты мен оның рөлі» атты баяндамасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақсатын түсіндіріп, соңғы 5 ай көлемінде атқарылған жұмыстары жөнінде толықтай мәлімет берді. 

Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ашылғандығын айтып, жұртшылықты қуантып, оның басшысы ретінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Рысбай Нысанхановты тағайындады. Онан соң, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығын түсіндіру үшін Қызылорда облысы прокуратурасының көмекшісі, әділет кеңесшісі Жамбыл Ерғалиев түсіндірсе, «Жылжымалы экомәдениет» акциясы аясында облыстағы экологиялық ахуал туралы Шиелі ауданы прокурорының кемекшісі Сейілбек Әміреев айтып берді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қиындық тудырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтары қойылып, оларға тұщымды жауаптар қайтарылды. Кездесу жеке қабылдауға ұласып, жиын қорытындыланды.

Дерекнамасы: BAQ.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер