astana-view

Қазақстан Республикасы үкіметі және Өзбекстан Республикасы үкіметі арасында энергия ресурстарын Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісім

2021 жылғы 03 Желтоқсан
7924 просмотров

2021 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ашық нормативтік актілердің интернет-порталында (http://legolacts.egov.kz) «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы энергия ресурстарын Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде «бірлескен кедендік бақылау  келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы жариялады.

Келісім жобасы осы көлік түрлерімен екі мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыруға бағытталған.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша құжат жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінде аталған жоба бойынша ескертпелері мен ұсыныстары болса, оларды Ұлттық кәсіпкерлер паатасына 2021 жылғы 3 желтоқсанға дейін мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: t.nurbayev@atameken.kz

Түсіндірме жазба


Еншілес ұйымдар

Серіктестер