astana-view

Қызмет көрсетулердің жалпы нарығы ЕАЭО аясында 2014 жылдың қыркүйегінде ашылады – Р.Ошақбаев

2014 жылғы 29 Мамыр
2278 просмотров

ЕАЭО аясындағы қызмет көрсетулердің жалпы нарығын 2014 жылдың қыркүйегінде ашу болжануда, деп хабарлады Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысының алдында Астанада өткен брифиингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев. 

«Тараптардың ешқайсысы да қызмет көрсетулердің спектрін түгел толықтай ашуға дайын емес екендігін барлығы түсінеді. Төрт қоржын принциптері туралы келістік. Біріншісі - 2015 жылдан бастап бірыңғай нарық, екіншісі - біртіндеп заңдастыру жүргіземіз, үшінші қоржын - бір-бірімізге ащылмайтын секторлар, және төртінші қоржын - бұл деңгейлес алып тастау, яғни ешқашан қолданылмайтын өзгешелік», - деді Р.Ошақбаев. 

ҚР ҰКП басшысының орынбасары нақтылағандай, қызмет көрсетулер секторларын ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарғы кеңесі бекітеді.  

Алдында хабарлағандай, бүгін, 29 мамыр күні Астанада Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттері басшыларының деңгейінде осы жылдың басты құжаты - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру туралы Келісім-шартқа қол қою күтілуде, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер