astana-view

Халықаралық "Бизнес-Өңір" конгрессіне 300-ден астам кәсіпкер қатысты

2014 жылғы 12 Маусым
2772 просмотров

Алматыда ШОБ жетекшілерінің халықаралық "Бизнес-Өңір" конгрессі аяқталды. Шараға Қазақстанның әр өңірі мен Беларусь және Ресей, Франция мен Германиядан 300-ден астам кәсіпкер қатысты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, ШОБ жетекшілерінің алғашқы халықаралық "Бизнес-Өңір" конгрессін "Нұр Отан" партиясы мен Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның Отбасылық бизнес қауымдастығы ұйымдастырды. Шара "Менің уақытым өтті. Біздің уақыт жетті" ұранымен өтті.

"Шара аясында Қазақстанның отбасылық бизнесінің екінші форумы ұйымдастырылды. Әлеуметтік кәсіпкерлік пен қазақстандық өндірушілерді қолдау мәселесі бойынша өткізілген дөңгелек үстел түрлі сала өкілдерінің қызығушылық танытқан тыңдармандары мен қатысушыларының басын қосты", - делінген хабарламада.

Конгресс шеңберінде отбасылық кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар сөз сөйлеп, "Халықтың қаржылық сауатын ашу" жобасының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, Коучинг Инна Кравченко орталығы мен мәскеулік бизнес тренері Андрей Галуниннің шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Хабарламада айтылғандай, конференция аясында өңірлік өндірушілер мен отбасылық кәсіпкерлердің көрмесі өтті.

Дерекнамасы: Kazakhstan Today


Еншілес ұйымдар

Серіктестер