Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І съезі өтеді
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулардың ашық және әділ өтуі үшін бар күшін салмақ. Бұл туралы Палатаның басқарма мүшесі Екатерина Никитинская мәлімдеді.
Палата өкілдері бүгінге дейін мемлекеттік сатып алулар туралы заңға 50-ге жуық өзгерту ұсынып үлгерген. Олардың көздеген басты мақсаты - мемлекеттік сатып алу мен мұнай-газ саласындағы сатып алуларға алып-сатарлар емес, тікелей тауар өндірушілер арқылы жүргізу қағидасын енгізу.
Палата алдында тұрған осы және де басқа мақсат-міндеттер 25-шілдеде өтетін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І съезінде талқыланбақ.
Екатерина Никитинская, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі:
Съезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының стратегиялық даму бағыттары жан-жақты талқыланып, кәсіпкерлерге бүгінге дейін істелген жұмыстар таныстырылады. Талқыланатын тақырыптардың ішінде палатаның мүшелік жарнасына байланысты мәселе де болуы әбден мүмкін. Өйткені, бұл тақырып қазір өте өзекті.
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: