astana-view

Тимур Құлыбаев ҰКП төралқа төрағасы қызметiне қайта сайланды

2014 жылғы 25 Маусым
2168 просмотров

Бүгiн Ұлттық кәсiпкерлер палатасының I съезi барысында Тимур Құлыбаев палатаның төралқа төрағасы қызметiне қайта сайланды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Съезд барысында төралқа бiрауыздан төраға қызметiн атқарып жүрген Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қайта ұсынып, дауыс бердi. 

«Маған сенім көретiп отырғандарыңыз үшiн алғыс бiлдiремiн. Бiз жұмысымызды жалғастыратын боламыз. 2013 жылдың қыркүйегiндегi президиум шешiмiне сәйкес, басқарма өкiлеттiгi бүгiн аяқталады. Осыған орай съезд жаңа басқарма құрамының өкiлеттік мерзiмiн анықтауы қажет. Ол ҰКП төралқасының отырысы барысында қаралады. Басқарма төралқасы жаңа құрамының өклеттiлiгiн 2 жылға бекiту ұсынылады. Қабылданған шешiм үшiн алғысымды бiлдiремiн», - дедi Т.Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер