astana-view

Кәсіптен нәсіп табамын деген жастарға жол ашық

2014 жылғы 30 Маусым
2608 просмотров

Илья Инжеватов үшін бүгін есте қаларлық ең қуанышты сәттерінің бірі. Ол негізгі «Дәнекерлеу өндірісі» мамандығын меңгергендігін дәлелдейтін дипломмен қоса "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы бойынша бизнес-мектепті сәтті аяқтағаны үшін сертификатқа ие болды.

Илья Инжеватов, жеке кәсіпкер.

-Елімізде жастарға үлкен қолдау жасалып жатыр. Міне, бизнес-мектеп арқылы мен «Дәнекерлеу өндірісі бойынша өз ісімді аштым. Бұл мен ойлағандай онша қиын емес екен. Сондықтан жастарға айтарым, колледж, университеттерде жақсы оқып, осы бизнес-мектептің көмегіне жүгініңіздер. Жаңа білім ешқашан артықтық етпейді.

Бизнес-мектеп биыл қыста Борки кентіндегі кәсіптік-педагогикалық колледж жанында пилоттық жоба ретінде ашылды. Оған аталмыш колледжден дәнекерлеуші, құрылысшы және элекромеханик мамандықтары бойынша оқуында озат 50 студент таңдалып алынған. Олар 4 ай бойы теория мен тәжірибені ұштастырып, оқытушылар мен бизнесмендерден сабақ алды. 22-сі бизнес-жоспарларын ойдағыдай қорғап шығып, СҚО кәсіпкерлер сертификатына ие болды. 

Владимир Литвиненко, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

-Өңірімізде бизнес-мектептерді ашу идеясын біз ұсындық. Оны облыс әкімі қолдады. Жобаның өріс алуына үкіметтік, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар және кәсіпкерлерлер палатасы ат салысады. Бұл баламасы жоқ жоба деп есептеймін. Себебі, бизнес-мектеп өз жемісін қазірден бастап беріп жатыр. Мәселен, бірнеше тыңдаушы құжаттарын рәсімдеп, жақында өз кәсібін ашады. 

Жылдың аяғына дейін бизнес-мектепті өңіріміздегі 29 колледжде ашу жоспарланып отыр. 

Дерекнамасы: МТРК


Еншілес ұйымдар

Серіктестер