Қызылордада ҰКП кәсіпкерлерге «Бизнес кітапханасын» таныстырды
Қызылордада ҰКП өкілдігі кәсіпкерлерге өз жұмыстарын жүргізуде көмекші болатын бірқатар пайдалы кітаптарды таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі өкілдіктің басшысы Дінмухаммед Әбсаттаровқа сілтеме жасап.
«Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы еліміздің жастар кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын ескере отырып, әлемге әйгілі кітаптарды аудару жөніндегі «Шабыт» жобасын ашты. Алғаш болып Наполеон Хилдің «Ойлан және байы», Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» және Питер Друкердің «Друкер күнделігі» кітаптары аударылды. Біз бұл кітаптарды оқырмандарға ресми түрде табыстадық», - дейді Д.Әбсаттаров.
Оның айтуынша, бұл кітаптар 2011 жылдан бастап аударыла бастаған. Міне енді әлемге әйгілі авторлардың кітаптарының қазақша нұсқасы қазақстандық оқырмандарға жол тартып отыр.
«Біз Астанадан осы кітаптардың 1000 данасын арнайы алып келдік. Оның 100 данасын Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың қорына және 100 данасын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қорына сыйладық, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бизнес-мектептің» оқушыларына бірнеше данасын қалдырдық», - дейді өкілдік басшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: