astana-view

Кәсіпкерлерге арналған бизнес жобалардың анықтамалығы шығарылды

2014 жылғы 10 Шілде
2286 просмотров

Кәсіпкерлерге тегін анықтамалықтар таратылмақ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» жинағының таныстырылымы өтті. Жинақта бизнес идеяның нақты қаржылық  есебі, өндірістің технологиясы, жобаның өтелу мерзімі мен тауарды өткізу жолдарына дейін қамтылған. Анықтамалыққа енгізілген бизнес жобалардың құны 10 млн теңгеден аспайды. Енді мұндай жинақтар әрбір өңірге 2 мың данадан үйлестірілмек. Барлығы 30 мың дана. «Алайда бизнестің аты бизнес. Және ешбір анықтамалық істің  100 пайыз тиімді болуына кепіл бола алмайды. Дегенмен бизнес идеялар мен оларды есептеу тұрғысында бұл анықтамалаық өңірлік кәсіпкерлер үшін таптырмас құрал»,-  дейді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. Бірінші болып анықтамалықты оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер пайдалана бастапты. Алғашқы нәтиже де бар.

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- ОҚО-да 2  жігіт анықтамалықты алып, соның  ішінен қарап, кірпіш жасайтын шағын зауытты таңдаған. Мамыр айының соңында сол зауыт ашылды. Оны енді шағын цех десек болады. Біз айтқан кеңестерге қарап, бизнес іске асып отыр.

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер