Шаруалар жаңа жобамен жұмыс істеуге құлықсыз
Фермерлер жаңа жобамен жұмыс істеуге құлықсыз. Бұлай жалғаса беретін болса, ауылшаруашылық және өнеркәсіп субъектілерін қаржылай сауықтыруға бюджеттен бөлінген миллиардтаған теңге игерілмей қалуы мүмкін.
Сол себептен де еліміздің ауылшаруашылығы саласын дамытуға күш салып жүрген кәсіпкерлер уақытты өткізіп алмай тұрғанда «жаңа жобаның шарапатын көрсе екен»,- дейді мамандар.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауылшаруашылық және өнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы Бауыржан Қасеновтің айтуынша, қаржылық сауықтыру бағдарламасы өткен жылдың соңында басталған.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін несиелік лизингтік міндеттемелердің пайыздық сыйақы мөлшері 14 пайызды құрайды.
Оның 7 процентін шаруагер төлесе, қалғанына мемлекет көметеседі. «Бұл ауылшаруашылығы саласы мамандарына мемлекет тарапынан беріліп отырған зор мүмкіндік»,-дейді мамандар.
Бауыржан Қасенов, ҚР ҰКП Ауыл шаруашылық және өнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы:
Қазір біреу өтіп кетсінші, мен кейін көрейін дейді, бірақ олар 4-5 ай уақыттың өтіп бара жатқанын түсінбейді. Шаруа қожалықтарымен түсіндіру жұмыстарын көп өткізу керек.
Мысалы, ауыл, аудан әкімдерінен артық кім біледі, кімнің жағдайы қандай екенін. Банкке бірге бару керек. Бүгін емес, бірақ ертең қиын болады. Осы бағдарлама бірге жұмыс істеуге мүмкіншілік беріп тұр.
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: