astana-view

Астанада дуалды оқыту жол картасы таныстырылды

2014 жылғы 25 Шілде
2291 просмотров

Бүгiн Астанада Ұлттық кәсiпкерлер палатасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп әзiрлеген дуалды оқыту жол картасы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

Дуалды оқытудың жол картасы 11 саланы қамтиды. Оның негiзiнде Қазақстанның 173 колледжi базасында 83 мамандық бойынша 10 мыңнан астам маман даярлау жоспарланған. 

«Бүгiнгi күнi мамандарға мемлекеттiк тапсырыс бар. Кей кезде бұл мамандарға деген кәсiпорындардан сұраныс төмен болып жатады. Дуалды оқыту жол картасы арқылы бiз бизнеске қажеттi мамандықтарды анықтайтын боламыз. Мемлекеттiк тапсырысты сұранысқа ие мамандарды даярлайтын колледждерге бағыттау керек. Сол уақытта бюджет қаржысы мақсатсыз жұмсалмай, нақты тұтынушыларға ие болады. Кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн мамандар даярланатын болады», - дедi ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Баспасөз қызметi таратқан ақпараттарға сәйкес, ҰКП 8363 мекеме арасында сауалнама жүргiзiп, 2019 жылға дейiн сұранысқа ие болатын мамандықтарды анықтаған. Дуалды оқыту жол картасы негiзiнде 2014-2016 жылдары 400-ге жуық мекемеге қажеттi кәсiби мамандар даярланатын болады. 

Сонымен қатар, жол картасында әрбiр өңiрдiң ерекшелiктерi ескерiлiп, ҮИИД бағдарламасы бойынша сол аймақтардағы iске асырылатын жобалар қамтылған. Бұған қоса, ҰКП Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және «GIZ» халықаралық немiс қоғамымен бiрлесе отырып колледждер мен елiмiздiң 4 өңiрi кәсiпорындарында дуалды оқытудың жаңа жүйесiне сынақ өткiзу көзделіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер