Парламентке дуалды оқыту бойынша заң жобасы қыркүйекте түседі – Г.Әбдіқалықова
Қыркүйекте Парламентке білім беру саласына қатысты оқыту процестеріне кәсіпкерлікті араластыруға мүмкіндік беретін жаңа нормаларды қамтитын дуалды оқыту бойынша заң жобасы түседі, деп мәлімдеді ҚК ҰКП-да салалық қауымдастық жетекшілерімен, жұмыс берушілермен кездесу барысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, Үкімет бірқатар бағыттар бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен белсенді жұмыс атқаруда, соның бірі – мамандар дайындау мәселесі, деп хабарлайды ҚР ҰКП баспасөз қызметі.
«Қыркүйекте Парламентке білім беру саласына қатысты оқыту процестеріне кәсіпкерлікті араластыруға мүмкіндік беретін жаңа нормаларды қамтитын дуалды оқыту бойынша заң жобасы түседі», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.
Г.Әбдіқалықованың айтуынша, Ұлттық палата және де бірқатар ұсыныстар енгізді. Оларды заңның қабылданғанына дейін салалық қауымдастықтың қатысуымен жетілдіру қажет.
ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерліктердің алдында бизнеске маман дайындау мәселесі тұр. Оның пікірінше, бұл мәселе Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңда да көрсетілген, онда ҰКП елде дуалды оқыту жүйесін енгізуге міндеттелетіні көрсетілген.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: