astana-view

СТ-KZ: Бизнесті таныстық арқылы жасамай, әділ еңбек ету

2015 жылғы 06 Қазан
- Шымкент қаласы
12627 просмотров

Қазақстандық мазмұны жоқ кәсіпорындар мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерге жіберілмейді немесе оларға жеңілдіктер жасалмайды

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы тауарлардың шығу тегін сертификаттау бөлімінің бастығы Айгүл Қожабаева бұл туралы қайталай беруден жалыққан емес. «CT KZ» формасындағы тауарлардың шыққан тегі туралы сертификатты алуға өнім өндірмейтін және өнімінің негізінде қазақстандық мазмұны жоқ кәсіпкерлер оған жиі жүгінеді.

«Ондайлар көп. Мәселен, бүгін «СТ KZ» сертификатын алуға кеңсе тауарларын ірі жеткізуші болып, оларды жеткізуге тендерге қатысқысы келетін бизнесмен келді. Әрине, ол сертификат алмайды, - деп бөлісті Айгүл Қожабаева. – Жүгінушілер арасында амалын тауып, аталмыш процеске таныстарын қатыстыруға тырысатындар да баршылық. Мұның бәрі бекер дүние».

Бүгінде «CT KZ» формасындағы тауардың шығу тегі сертификаты көптеген тендерлерде қандай да бір кәсіпорын пайдасына шешуші дәйекке айналып отыр.

Бұрындары Палата жеке меншік сараптау ұйымдары берген тауардың шығу тегіне сараптама актісінің негізінде сертификат беруге уәкілетті болған еді. Осылайша, берілген сертификат үшін толық жауапкершілікті мойнына алып, шын мәнісінде өндірістік база мен жабдықтар бар ма, тауар сыртқы кейпі мен таңбалануы бойынша құжаттамаға сәйкес келе ме, келмей ме, оны тексеруге құқығы болмаған болатын. Бір сөзбен айтқанда, сертификаттар іс жүзінде «көзді жұмып отырып» беріле салатын. Бұл жалған өндірушілер «CT KZ» формасындағы тауардың шыққан тегі сертификатын иеленіп алып, миллиондаған тендерлер ұтып, жосықсыз бәсекелестіктің туындауына алып келді. Осылайша нағыз өндірушілердің қызметіне қысым жасалды.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Енді Палата, шығарылуы алғаш рет іске асырылып отырған тауар жайғасымдарына өтінімдер берген жағдайда, не болмаса негізгі жабдықтарының тізбесі өзгертіліп жатса, сонымен қатар технологиялық операциялар өзгерген кезде, өндірістік базаның, технологиялық жабдық болуы мен тауарлың сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша (атауы, типі, орамасы, әзірлеуші кәсіпорын) сәйкестігін тексеру үшін өндіріске баруға міндетті.

Сонымен қатар, Палатаға ендігі жерде ҰКП, салалық қауымдастықтар мен одақтар және БАҚ өкілдерінен тұратын ішкі аудит шешімінің негізінде сертификаттың күшін жою құқығы берілген.

Осының бәрі өндірісі жоқ кәсіпкерлердің қатардан кетуіне әкеледі.

«Палата қазақстандық мазмұны жоқ кәсіпорындардың мемлекеттік сатып ауллар мен тендерлерге өткізілмеуін немесе оларға заңнамамен отандық өндірушілерге берілетін жеңілдіктердің берілмеуін салмақты түде қадағалауға бағыт алып отыр. Біз бизнесті таныстық арқылы жасауға емес, әділ еңбек етуге үндейміз», - дейді Айгүл Қожабаева.

Күн сайын беріліп отыратын сертификаттар туралы ақпаратты «NADLOG» АҚ «СТ-KZ» формасындағы ішкі айналым үшін тауарлардың шыққан тегі жайлы берілген сертификаттар Тізілімінен, «Қазақстандық мазмұн» интернет-порталынан көруге, сондай-ақ мына телефон бойынша сұрап-білуге болады: 8(7252) 99-55-09. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер