astana-view

ҚЫРКҮЙЕК: ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың ҚР Парламентіне үндеуі

2015 жылғы 31 Желтоқсан
8169 просмотров

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың арқасында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың түбегейлі шаралары қабылданып, жүзеге асырылуда. Алайда, отандық кәсіпкерлердің сөзіне сүйенсек, жаңа салықтарды енгізу және салық пен кедендік әкімшілік етуді күшейту саясаты елдегі шағын және орта бизнесті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда көптеген кәсіпорындардың қызметін доғара бастауы не болмаса «сұрқай тәсілдерге» оралуы әбден мүмкін.

Осыған байланысты кәсіпорындар, бизнес-қауымдастықтар басшылары үндеу жолдай отырып, күллі бизнес-қоғамдастық атынан депутаттық корпустың заңды қабылдау кезінде, бизнестің де, күллі қазақстандық қоғамның да мүддесі үшін, елдегі кәсіпкерлік қоғамның пікірін ескеріп отыруды сұрады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер