astana-view

ЖЕЛТОҚСАН: «Атамекен» отандық үздік тауар өндірушілерді марапаттады

2016 жылғы 02 Қаңтар
8740 просмотров

11 желтоқсанда Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын алғаш рет ұйымдастырды.

Осы жылы Президент сыйлығының тағайындалғанына 10 жыл толды.  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мерейтойлық рәсімде «халық тұтынатын тауарлар арасындағы үздік сапа», «Үздік индустриалдық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» жаңа қосымша номинациялар бойынша лауреаттарды анықтады. Аталған номинациялар лауреаттарын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапаттады.  

Байқаудың мақсаты - тауар мен қызмет сапасы саласындағы айтарлықтай нәтижелерге жеткені үшін, олардың қауіпсіздігін қатамасыз етіп, сонымен бірге ұйымның халықаралық сапа стандарттарын енгізгені үшін отандық үздік тауар өндірушілерді қолдау және ынталандыруда болып табылатынын атап өткен жөн.

Сәл бұрын, 4 желтоқсанда, «Атамекен» ҰКП I Отандық тауар өндірушілер форумын өткізген болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер