astana-view

Ұлт жоспары - 100 қадам: Ұлттық палатада құрылыс салудың бірыңғай қағидалары таныстырылды

2016 жылғы 18 Қаңтар
10499 просмотров

Құжаттарды ұсыну мерзімдері қысқартылды, жекелеген процедуралар «бір терезе» қағидаты бойынша біріктірілген

2016 жылғы 14 қаңтарда Ұлттық палатада өткен брифингте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы жұмыс нәтижесі жария болды. Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, Төралқа Комитетінің төрағасы Александр Белович, сонымен қатар «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Аслан Түкиев журналистер алдында сөз алды.

Юлия Якупбаева ҰКП‑ның сәулет және құрылыс саласындағы құжаттаманы мақұлдатудың күрделі әрі артық процедураларына кәсіпкерлерден шағымдардың көптеп түсетінін атады. «Ұлттық палата бұл түйткіл жайлы барлық деңгейлерде бірнеше мәрте хабарлаған болатын, сондықтан да Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында құрылыс саласындағы барлық рұқсат беру процедураларын өту процесін реттемелейтін Бірыңғай нормативтік құжатты қабылдауды ұсынғаны үшін ризашылық білдіреміз», - деді ол.

Палатаның өткен жылдың жазында «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ базасында аталмыш құжатты даярлау жөніндегі жұмыс тобының құрылғанын хабарлағанын атап өту керек. Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен сәйкес қағидалар қабылданды.

Нәтижесінде бастапқы материалдарды ұсыну мерзімі 91‑ден 15 жұмыс күніне дейін қысқарды (6 есеге), эскиздік жобаны келісу – 30‑дан 10 жұмыс күніне дейін (3 есе). Жоба сараптамасының аясында сыртқы желілер жобасын келісу де көзделуде, осылайша аталмыш процедура 30-60 жұмыс күніне қысқармақшы. Жекелеген процедуралар «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіріледі.

Құрылыс салудың Үлгілік қағидаттарының басты идеясы заңнамалық деңгейде жергілікті атқару органдары мен өкілдік органдардың жергілікті жерлерде қосымша аумақтық нормативтік құқықтық актілерді дайындау мүмкіндігінің алынып тасталуы, осылайша жергілікті деңгейде салушы инвесторлар үшін әкімшілік кедергілер жойылуы болып табылады.

Қазақстанның алдында жасалған реформалар есебінен Doing Business‑те «құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 154‑тен 92 орынға көтерілгені белгілі. Еліміз Құрылыс салудың бірыңғай қағидалары қабылдануына орай аталмыш көрсеткіште одан да жоғары көтеріле алады.

Жұмыс тобы аясында аталмыш бағыттағы жұмыс жалғасын табады. «Жер теліміне құқық алу тәртібін оңтайландырып, Қала құрылысы кодексін дайындау жөніндегі жұмысты қолға алуды жоспарлап отырмыз», - деп атады Юлия Якупбаева.

Аслан Түкиев өз кезегінде жаңа Қағидаларда құрылыстың ең маңызды кезеңдерінің сақталғанын, жекелеген кезеңдердің, керісінше, сарапшылар ұстынамдарын ескере отырып өзгеріске ұшырағанын хабарлады. «Қызмет алушының келесі кезеңге өркендету үшін топтастырылған құжаттар топтамасын алу үшін алатыны негізгі көрсеткіш болып табылады, ол бар‑жоғы 4. Уақыт тұрғысынан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да үнемдеуге болатыны анық. Қағидалар көмегімен сондай‑ақ жекелеген реформалар жүзеге асырылып, «толық дайын болу» ұғымына өзгерістер енгізілді, нысандарды пайдалануға енгізу процесі анықталды», - деп жалғады сөзін ол. 

Юлия Якупбаева кәсіпкерлерге жаңа Қағидаларға сәйкес құжаттаманың өтуі жөнінен мәселелер, түйткілдер туындаған жағдайда құжаттарды қабылдау аясында сәйкес ақпаратты ҰКП‑ға жолдауды сұрап жүгінді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер