astana-view

Несие аламын десеңіз...

2016 жылғы 17 Мамыр
- Жетісу облысы
20271 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы кредиттік комитеті несие алудан үмітті шағын бизнес субъектілерінің өтінімдерін қарауды бастамақ

Несиелеу «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі бөлген 600 млн теңгеге тең қаражат есебінен жүзеге асады. Өңірдегі несиелеу операторы – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ. Кәсіпкерлер 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін несие ала алады. Несие комитетінің өкілі Римма Салықованың айтуынша, қаражат тиімді шарттармен ұсынылып отыр.

«Сыйақы мөлшерлемесі – жылына 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 6,7%. Несие 4 жыл 6 айға дейін берілмек. Қарызды ай сайын, маусым сайын, жарты жылда бір рет және жылына бір рет өтеуге болады. Сонымен бірге, несие кәсіпкерлік қызметті дамытуға арналғанын айта кету керек. Несиелер тұтынушылық мақсаттар үшін, бұған дейін алынған несиелерді өтеу үшін, жылжымайтын мүлік, жер телімдерін сатып алу және сауда жасау үшін несиелер берілмейді», – деді  Р.Салықова.

ӨКП филиалдары қазірден бастап кәсіпкерлерге өтінім беруге қажетті құжаттарды жинау бойынша белсенді көмек беруді бастап кетті. Ең алдымен, кәсіпкер қарыз алу үшін өтінім беріп, анкетаны толтыруы қажет, одан кейін жеке куәлік (немесе паспорт) көшірмелерін, мекенжай анықтамасын, жалақы мөлшері және (немесе) өзге де кірістерді көрсететін немесе растайтын құжаттар түпнұсқасын, қызмет көрсетуші банктен екінші деңгейлі банктерге берешегі, сонымен бірге №2 картотекасы (тек ЖК, ШҚ, ФҚ үшін) бойынша тыйым салулар жоқ немесе бар екенін растайтын анықтамалар ұсынуы қажет. Сонымен бірге, құжаттар тізімі арасында несие алу үшін Қоғам өкілетті органына берілген өтінімнің қаралатын күніне дейін өткізілген қарыз алушының салықтық берешегі, міндетті зейнетақы салымдары мен әлеуметтік аударымдар және жоқ екенін көрсететін түпнұсқасы және (немесе) салықтық қызмет органдарымен берілген қарыз алушының салықтар мен өзге де міндетті бюджеттік төлемдер бойынша қарызы жоқтығын растайтын салық салыстыру актісі (тек ЖК, ШҚ, ФҚ үшін) болуы тиіс.

Бұдан бөлек, қарыз алушы-жеке тұлға жинақтаушы зейнетақы шотынан соңғы алты айдың көшірмесін, бизнес-жоспар немесе толтырушының қолы қойылған, қарыз алушының аты жазылған несие берудің техника-экономикалық негіздемесін ұсынуы қажет.

Сонымен бірге, кәсіпкер несие бюросына өзі туралы ақпарат ұсынуға, мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау) немесе мемлекеттік емес органдарға, БАҚ-қа, сондай-ақ, ҰКП, ӨКП, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен оның еншілес ұйымдарына несиелік есепті алушыға несиелік есеп беруге, ақпарат алу және ұсынуға, берілген несие туралы  және несие беру туралы шарт бойынша міндеттерді орындауы немесе орындамауы туралы барлық мәліметтерді беруге келісім беруі тиіс.

Егер қарыз алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, бірлескен кәсіпкерлікке негізделген ШҚ немесе ФҚ мүшелерінің тізімі жазылған қосымшасы бар жеке кәсіпкерді мелекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы қажет. ШҚ/ФҚ мүшелерінің жеке куәліктері мен ШҚ, ФҚ, ЖК өкілетті органының қарыз алу, мүлікті оны соттан тыс сатуға құқық беретін кепілге беру туралы келісімді мақұлдау туралы шешімі қажет болады.

Қарыз алушы қызметін қаржылық-экономикалық талдау, құқықтық сараптама, кепілдік қамсыздандыруды бағалауды Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының қызметкерлері жүзеге асырады. Бұдан кейін құжаттар Несие комитетінің қарауына жөнелтіледі. Бүгінгі күні ӨКП қызметкерлері 16 кәсіпкерге аталған құжаттар пакетін жинауға атсалысқан. Олардың өтінімдері 19 мамыр күні қаралмақ. Регламентке сәйкес, қаражат тек ӨКП несие комитеттері мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының шешімімен ғана берілмек.

Несие алу шарттарымен мына жерден танысуға болады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер